АртқаМузыкалық аспаптар мұражайы
Collection

Әлем халықтарының музыкалық аспаптары

Әлемнің 32+ еліндегі музыкалық мұраны олардың дәстүрлі аспаптары арқылы зерттеңіз

01

🇦🇫Ауғанстан

01

Ауған рубабы (XVIII ғ.)

Өзбекстанның ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Құрылымы екі жағынан шұңқыр тәрізді кесілген шанағы, қырларында орақ пішіндес ойықтардан және басы дөңгеленген қысқа мойынан құралады. Аспаптың мойынында қосымша мойын орналасқан, сол мойын жоғарыдан төменге қарай кеңейіп, шанақтың жоғарғы бөлігін жабады. Аспаптың шанағы тері мембранамен жабылған...

0:00 / 0:00
Ауған рубабы (XVIII ғ.)
02

🇦🇲Армения

01

Дхол

армян халқының соқпалы музыкалық аспабы, екі жақты, цилиндр пішіндес, бір немесе екі мембранамен қапталған барабан түрі. Ертеректе әскери жорық кезінде, кейііннен зурнамен бірге ансамбльдерде ән-биді және салтанатты шерулерді сүйемелдеуге қолданылады. Аспаптың қалыптасуы Армения тарихындағы пұтқа табынушылық кезеңіне сәйкес келеді. Дхол әлі күнге деейін армян шіркеулерінде қолданылады...

0:00 / 0:00
Дхол
02

Пку немесе армян рожогі

армян халқының үрмелі ерекше музыкалық аспабы. Пкуды басқа аспаптармен салыстырғанда оның үні зурна мен дудуктың аралығында деуге болады. Пкудың негізгі ерекшелігі жасалатын материалдардың үйлесімділігі болып табылады: жас бұқаның немесе буйволдың мүйізі мен өрік ағашы. Шебер таңдалған материалдар мен аспап формасы арқасында бірегей, қайталанбас дыбыс алуға болады...

0:00 / 0:00
Пку немесе армян рожогі
03

Шви

армян халқының ысқырмалы музыкалық аспабы. Шви – армян тілінен аударғанда «ысқырық» мағынасын береді және кейде тутак деп те аталады. Аспап ұзындығы шамамен 30 см. Алдыңғы жағында 7 ойын саңылауы мен төменгі тұсында бас бармаққа арналған 1 саңылауы болады...

0:00 / 0:00
Шви
04

Зурна

бүйірінде бірнеше ойығы мен кеңернеуі бар ағаш түтік. Дыбыс диапазоны шағын – бір жарым октава шамасында, тембрі анық әрі айқын. Әдетте, бір зурначи (аспапта орындаушы) әуенді ойнаса, екіншісі ұзақ дыбыстармен сүйемелдейді. Бұл ансамбльдегі үшінші музыкант ұрмалы аспапта (негізінен, дхола) ырғақ қалыптастырады...

0:00 / 0:00
Зурна
03

🇧🇾Беларусь

01

Цимбалы

ішекті-ұрмалы музыкалық аспап. Ішектер трапеция тәрізді декаға тағылған аспап түрінде берілген. Дыбыс екі ағаш таяқша немесе шетіне қарай үлкейетін қалақтары бар тоқпақтар көмегімен алынады. Белоруссия, Молдавия, Украина, Ресей, Румыния, Венгрия, Польша, Чехия, Словакия секілді Шығыс Еуропа елдерінде кең таралған...

0:00 / 0:00
Цимбалы
02

ДУДКА

Дудка – Ресей, Белоруссия, Укранидағы үрмелі халық аспаптарының жалпылама атауы. Аспап ойын саңылаулары мен ысқырғыш құрылғысы орнатылған түтік болып табылады. Дудка өлшемдері (ұзындығы 20-50 см аралығында), түтік формасы (конус пішіндес, тегіс, кеңейтілген, шеті тарылған түрлері кезедеседі), ойын саңылауларының саны, ысқырғыш құрылғының құрылымы бойынша жіктеледі. Аспап жасауда үйеңкі, шаған, жаңғақ, қызықайың, қарағай, жөке, итшомыр ағаштарын қолданады...

0:00 / 0:00
ДУДКА
04

🇧🇬Болгария

01

Гадулка немесе гудулка

болгарлардың ұлттық ыспалы аспабы. Ән мен биді сүйемелдеуде қолданылады, дыбысы жұмсақ, флажолетті (обертон дыбыс алу тәсілі). Аспаптың қалыптасуын парсының кеманча, арабтың ребаб, ортағасырлық Еуропадағы ребек аспаптарымен байланыстырады. Корпус пішіні және дыбыс саңылаулары бойынша гадулка Грекия мен Түркияның батысында қолданылатын армуди кеменче (константинополь лирасы, классикалық кеменче атауымен де танымал) аспабына және критика лираға (Крит аралы) ұқсас келеді...

0:00 / 0:00
Гадулка немесе гудулка
02

Гайда

Болгария, Македония, Грекия, Сербия, Хорватия, Албания, Словакия мемлекеттерінде таралған волынка түрі. Әдетте, қой немесе ешкі терісі пайдаланылады. Түтіктері – бас (бурдон) және әуендік – қызыл ағаштан, қамыстан немесе бамбуктан жасалады. Олар жаңбырдан аз ылғалданады...

0:00 / 0:00
Гайда
03

Кавал

хроматикалық тік флейта. Болгария, Македония, Түркия, Венгрия, Албания, оңтүстік Сербия, Украина, Молдавия, Грекияның солтүстігінде, Румыния, Армения, Әзірбайжан елдерінде кең таралған. Аспап алдымен, Балқан мен Анадолыдағы тау бақташыларымен байланыстырылады. Кавалдың екі жағы да ашық, аспаптың үшкір тұсына ауа ағысын бағыттау арқылы дыбыс шығарады...

0:00 / 0:00
Кавал 1
Кавал 2
1/2
04

Свирка

біртүтікшелі шағын кавал түрі. Кавалдан айырмашылығы одан біршама жоғары регистрдегі дыбыстар орындауында. Аспап Болгарияның барлық аймақтарында кең таралған.

0:00 / 0:00
Свирка
05

🇰🇭Камбоджа

01

ТРО

Тро – қарапайым екі ішекті ыспалы аспап, бірақ оны игеру өте қиын. Ішектердің тартылуы құлақтарға емес, орындаушының саусақтарына байланысты. Тро – Камбоджа елінің дәстүрлі скрипкаларының атауы, тік қалыпта ұстап ойнайтын ішекті-ыспалы аспап. Бұл аспаптар қытайлық эрху немесе хукин аспаптарына ұқсас немесе белгілі бір байланысы бар...

0:00 / 0:00
ТРО
06

🇨🇳Қытай

01

Эрху (қытай. «эр»

екі, «ху» – ішек) – қытай халқының ішекті-ыспалы көне аспабы, металл ішекті скрипка. Қияқ адырнасын орындаушы оң қол саусақтарымен тартып отырады, ал қияқтың өзі ішектердің арасында бекітіліп, аспаппен біртұтас жүйе құрайды. Сол қолмен ойнау барысында көлденең вибрато қолданылады, бұл кезде ішек төмен қарай жаншылады – бұған ішектер бекітілген дөңгелек мойынның құрылысы ықпал етеді. Ішектермен байланыстырылған қияқты «шайырлау» өте қиын, бірақ қытай музыканттары балқытылған шайырды ағаш цилиндрлік резонатордың жоғары бөлігіне тамызады, ол кепкен соң қияқты соған «шайырлаған»...

0:00 / 0:00
Эрху (қытай. «эр»
02

Пипа (пиньинь)

лютня типтес, қытай халқының 4-ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Кең таралған аспаптардың бірі. Аспап туралы алғашқы мәліметтер ІІІ ғ. әдебиеттерінде, ал алғашқы бейнелері – V ғ...

0:00 / 0:00
Пипа (пиньинь)
07

🇨🇩Конго

01

Там-там

бүгінде де өзектілін жоғалтпаған дәстүрлі африкалық аспап. Киноиндустриясының көптеген өкілдері бұл бірегей барабанды ұлттық нақышты айқын білдіру үшін өз туындыларында қолданады. Бұл барабанның дыбысы тайпалар туралы фильмдерден таныс. Корпустың соғатын бет бөлігі металдан жасалған, ол жақтаудың ішіне бекітілген...

0:00 / 0:00
Там-там 1
Там-там 2
1/2
02

Занза (санза, санца, цанца)

Африка халықтарының тілшелі-шертпелі музыкалық аспап, тарақ тәрізді идиофон. Аспап ғұрыптық рәсімдерде жеке және ансамбльде қолданылады. Занза – Африканың Орталық және Оңтүстік аудандарында, Антиль (Кариб) аралдарында кең таралған ең көне аспап. Оның танымалдығын түрлі тайпаларда аспап атауының сан алуандығы дәлелдейді: цанца, санза, мбира, ндимба, калимба, нданди, ликембе, селимба және т...

0:00 / 0:00
Занза (санза, санца, цанца)
08

🇨🇿Чехия

01

Ауыз сырнай

гармоника отбасындағы үрмелі музыкалық аспап. Бүйірінде көптеген ойықтары бар ағаш кесегі түріндегі аспап. Алынатын дыбыстар ойықтарда ерін мен тілдің орналасуына және ауа қозғалысы бағытының дем алуға немесе шығарылуына байланысты болады. Гармониканың клавишалы түрі де бар, мысалы, мелодика – мундштук каналына ауа үрлеп, клавишаларды басу арқылы дыбыс алады...

0:00 / 0:00
Ауыз сырнай
09

🇫🇮Финляндия

01

Кантеле

карель және финн халықтарының көне аспабы. Аспаптың қашан және қалай жасалғандығы туралы нақты мәлімет жоқ. Аспаптың бұл өңірде қалыптасуы туралы екі нұсқа бар: бірі – кантеле Балтық теңізі аймағынан алдымен Батыс Финляндияда кең таралып, кейіннен оны карель халқы меңгерген; екіншісі – аспап Карелияға Балтық маңы елдерінен тікелей келген. Э...

0:00 / 0:00
Кантеле
010

🇫🇷Франция

01

БИНЬО

Биньо – волынканың бір түрі. Бұл сөз бретон тілінде волынка мағынасын береді. Бретань аймағында биньо деп аталатын екі волынка кездеседі: дәстүрлі binioù kozh немесе biniou-bihan (бретон тілінде «kozh» – «ескі», «bihan» – «шағын») және binioù bras (bras – «үлкен»). Аспап Бретань жеріне Шотландиядан ХІХ ғ...

0:00 / 0:00
БИНЬО
02

Бомбарда (итал. Bombarda, латын. Bombus

найзағай дыбысы, латын. Ardere – жану) – ағаш тілшелілер тобындағы жуан дыбысты үлкен музыкалық аспап. Фагот аспабының арғы тегі саналады. Дәстүрлі бретон музыкасын орындауда жиі қолданылады...

0:00 / 0:00
Бомбарда (итал. Bombarda, латын. Bombus
011

🇬🇪Грузия

01

Пандури

грузин халқының үш ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Грузияның шығысы – Пшави, Хевсурети, Тушети, Кахети, Картли аймақтарында танымал аспап. Аспап түрлі пішін мен өлшемде жасалады. Жеке орындауда және ән сүйемелдеуде қолданылады...

0:00 / 0:00
Пандури
02

САЛАМУРИ

Саламури – ысқырық құрылғысы бар флейта типтес грузин халқының үрмелі музыкалық аспабы. Ағаштан немесе қамыстан жасалады (сүйектен жасалған түрлері де болуы мүмкін). Ұзындығы 240–270 мм. Аспаптың бүйірінде дыбыс биіктігін өзгертуге арналған 5–7 саңылауы болады...

0:00 / 0:00
САЛАМУРИ
012

🇩🇪Германия

01

Блокфлейта

үрмелі музыкалық аспап, ысқырмалы флейтаның түрі. Жоғарғы бөлігі құрылымында ендірме (блок) қолданылады. Туыстас аспаптар: свирель, сопилка, вистл. Ұқсас аспаптардан айырмашылығы, блокфлейтада беткі тұсында 7 ойын саңылауы, қарсы бетінде октава қақпағы аталатын 1 ойын саңылауының болуында...

0:00 / 0:00
Блокфлейта 1
Блокфлейта 2
1/2
02

Цитра

ХVІІІ ғ. Австрия мен Германияда кең таралған ішекті-шертпелі музыкалық аспап. Шыққан жері Египет. Корпусы бұрыс формалы, тегіс, бетіне 17-45 ішек тартылған (аспап өлшеміне байланысты)...

0:00 / 0:00
Цитра
013

🇭🇺Венгрия

01

КЕЧКЕДУДА

Кечкедуда – венгрлердегі волынка түрі. Бұл аспап түрлі түтіктерді дыбыстандыру үшін қапта сақталатын ауаны пайдаланады. Кечкедуда этникалық музыкалық аспап болғандықтан, ол бүгінде этникалық музыка орындауда қолданылады. Волынка – Еуропа мен Азиядағы көптеген халықтардың дәстүрлі үрмелі музыкалық аспабы...

0:00 / 0:00
КЕЧКЕДУДА
02

ЦИТРА

Цитра (венгр тілінде цитера) – венгр халқының музыкалық аспабы. Аспап Венгрияда ғасырлар тоғысында, сондай-ақ, ХІХ ғ. ІІ жартысында аса танымал болды. Оның шығу тегі белгісіз, бірақ оның құрылымы мен формасы Австрия мен Германияның көне цитраларына ұқсас...

0:00 / 0:00
ЦИТРА
014

🇮🇳Үндістан

01

БАНСУРИ

Бансури, бансули (санскр. bansi – бамбук) – флейта түріне жатқызылатын, Үндістанның дәстүрлі және классикалық үрмелі музыкалық аспабы. Аспап бамбук ағашынан жасалынады. Оның жоғары бөлігінде 6-8 саңылау, төменгі жағында бір саңылау болады...

0:00 / 0:00
БАНСУРИ
02

Эктар

резонатор (дека), мойын және ішектен құралған үнділердің музыкалық аспабы. Ойын барысында ішекті саусақпен басып, екінші қолмен мойынды қысып, ұзына бойымен бос қояды, осылайша аспаптың дыбысталуын өзгертуге болады. Ұзындығы – 47 см, диаметрі – 10 см. Батыс Бенгалия, Үндістан, Бангладеш елдерінің ұлттық аспабы эктар Баулдардың (Бангладеш пен Батыс Бенгалияның халқының бір бөлігін қамтитын халықтар тобы) әндерін орындауда жиі қолданылады...

0:00 / 0:00
Эктар
03

ҮНДІ ГАРМОНИКАСЫ

Үнді гармоникасы – сырт келбеті сәл өзгеріске ұшыраған еуропалық фисгармония түрі. Азияға XVIII-ХІХ ғғ. христиан дін таратушылары әкелген бұл аспап ХХ ғ. басында Үндістанның солтүстік аймағында музыка мәдениетінің дәстүрлі аспабына айналды...

0:00 / 0:00
ҮНДІ ГАРМОНИКАСЫ
04

ПАХАВАДЖ

Пахавадж немесе мриданг – бөшке тәріздес, екі жақты үнді халқының ұрмалы аспабы. Ол ежелден келе жатқан мриданг аспабының ұрпағы ретінде саналады. Дхрупад стиліндегі пахавадж аспабы түрлі музыкалық және би кештерін сүйемелдеуде пайдаланылады. Аспаптың дыбысы төмен, жұмсақ, гармоникаға бай...

0:00 / 0:00
ПАХАВАДЖ
05

Бин (пунги)

кларнет тәріздес, Үнді елінің үрмелі музыкалық аспабы. Аспап бір жағы мүштігі бар ауа камерасынан, екінші жағынан әуенді және бурдонды екі түтікшеден тұрады. Мүштігі бар ауа камерасы кептірілген асқабақтан немесе ағаштан, ал түтіктер бамбук немесе қамыстан жасалады. Бурдонды түтік көмегімен тек бір ғана ұзақ нота орындайды, ол әуенді түтікпен ойналатын негізгі музыканы сүйемелдейді...

0:00 / 0:00
Бин (пунги) 1
Бин (пунги) 2
1/2
06

САРАНГИ

Саранги – лютня типтес үнді халқының ішекті-ыспалы аспабы. Үнді дәстүрі бойынша тата-вадья тобына жатады; Хиндустани (Үндістанның солтүстік аудандарында, Пәкістан мен Непалда) музыкасында кең таралған; аймақтық түрлері де кездеседі. Корпусы тұтас ағаштан жасалады, мойны жуан, шеттерінде ойықтары болады, жоғары декасы терімен қапталады. Кварта және квинтаға келтірілген 3-4 ойын ішектері, диатоникалық дыбыс қатарының үніне сай реттелген резонанстаушы 11-15 ішек мойыннан өтіп, бүйірдегі құлақтарға бекітіледі...

0:00 / 0:00
САРАНГИ
07

Сарод

лютня типтес, пернесіз ішекті-шертпелі музыкалық аспап. Үнді классикалық музыкасын орындауда қолданылады. Ситармен бірге Хиндустан (Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Бангладеш) музыкасындағы кең таралған аспаптар болып саналады. Сезімтал ішектерден шығатын терең, ойландыратын дыбыстармен сипатталады...

0:00 / 0:00
Сарод
08

Шенай (шенаи, шехнаи, шахнаи) (этимологиясы шамамен «наи-и-шахи», парсы. «шах флейтасы» сөзінен)

екі тілшелі гобой, Хиндустанның солтүстік аудандарының (Үндістанның солтүстігі, Непал, Пәкістан) дәстүрлі және классикалық музыкасында қолданылады. Оңтүстік Үндістандағы нагасварам және тибеттік гъялинг аспаптарының аналогі. Ағаштан жасалған корпусы төмен қарай кеңейе түседі (эбен секілді мықты ағаштар қолданылады), ұзындығы 30-45 см аралығында болады. Корпус шеттері жазылған мыс (жез) немесе күміс кеңернеумен аяқталады...

0:00 / 0:00
Шенай (шенаи, шехнаи, шахнаи) (этимологиясы шамамен «наи-и-шахи», парсы. «шах флейтасы» сөзінен)
09

СИТАР

Ситар – көп ішекті музыкалық аспап, үнді халқының классикалық музыкасын орындау барысында қолданылады. Бұл музыкалық құрал ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Ситарда негізгі ішек – 7, қалған 9-13 қосымша дыбыс ішектері болып келеді. Қосымша дыбыс ішектер негізгі ішектермен үйлесім тауып ерекше дыбыстар береді...

0:00 / 0:00
СИТАР
10

Табла

араб тілінде «барабан» мағынасын білдіреді. Аспапты алғаш сопы Амир Хусроу көненің ұрмалы пакхавадж аспабын екіге бөліп жасаған деп саналады. Табла екі барабаннан тұрады: кішкентай – табла немесе даян және үлкен – дага немесе баян. Дагада сол қолмен ойнайды...

0:00 / 0:00
Табла 1
Табла 2
1/2
11

Танпура (тампура, тамбура)

үндінің ішекті-шерпелі музыкалық аспабы, рага орындағанда сүйемелдеуге қолданылады. Құрылысы және дыбысталуы ситарға ұқсас, алайда оның пернелері болмайды. Бұл аспап 4 ішекті болып келеді, кейде 5,6 ішекті нұсқалары кездеседі. Танпураның бірнеше түрі бар: аспаптық, ерлерге және әйелдерге арналған (өлшемдері, дыбыс биіктігі бойынша жіктеледі) деп бөлінеді...

0:00 / 0:00
Танпура (тампура, тамбура)
12

ВИНА

Вина – Үндістаннның ежелгі шертпелі музыкалық аспабы. Бұл аспап үндінің классикалық музыкасын ойнау барысында қолданылады. Винаны үйрену көп еңбек пен біраз тәжірибені талап етеді. Бұл аспап лютняға ұқсас болып келеді және оның бірнеше түрі бар: • Рудра-вина – Хиндустани аймағында кең пайдаланылады...

0:00 / 0:00
ВИНА
015

🇮🇩Индонезия

01

Ангклунг

Индонезия елінің аспабы, бірнеше бамбук түтіктерден жасалып, бамбук жақтауға бекітіледі. Әр түтік соғылғанда резонансты биіктікке ие және батыс қоңырауларына ұқсас октава күйіне келтірілген. Жақтаудың негіздемесі бір қолмен ұсталып, екінші қолмен сілкіп ойнау арқылы қайталанатын ноталар орындалады. Ангклунг ансамбліндегі үш не одан көп орындаушы бір немесе бірнеше нота орындайды, дегенмен нәтижесінде толыққанды әуен туындайды...

0:00 / 0:00
Ангклунг
02

Гамелан (ява тілінде «соғу»)

индонезиялық дәстүрлі оркестр және аспаптық музыка орындау түрі. Ява аралында қалыптасып, Балиде, Суматрада және Малай архипеллагының басқа да аралдарына таралды. Аспаптардың негізін ұрмалы музыкалық аспаптар құрайды: гамбанг ксилофоны; гендер, сарон, слентем металлофондары; бонанг гонгтар; генданг барабаны; түрлі ілінетін гонгтар және т. б...

0:00 / 0:00
Гамелан (ява тілінде «соғу»)
03

Генданг (кенданг)

индонезия халқының ұрмалы музыкалық аспабы. Цилиндр немесе конус пішіндес корпусы және ағаш жақтау мен баулар арқылы тартылып, арнайы қазықшалармен күйге келтірілетін 1 не 2 мембраналы барабан. Қолмен соғу арқылы дыбыс алынады. Саусақпен немесе білекпен және соғу орнына қарай аспапта ойнаудың бірнеше түрі болады...

0:00 / 0:00
Генданг (кенданг)
04

РЕБАБ

Ребаб – шығу тегі арабтық ішекті-ыспалы музыкалық аспап. «Ребаб» сөзі араб тілінде «қысқа дыбыстардың ұзақ бір дыбысқа бірігуі» дегенді білдіреді. Аспаптың ағаш корпусы тегіс не сәл дөңестеу келген, трапеция немесе жүрек пішіндес, бүйірлерінде шағын ойықтар жасалады. Ернеушесі ағаштан не кокос жаңғағынан жасалып, декасы теріден (буйвол ішегінен не басқа жануардың қабынан) тартылады...

0:00 / 0:00
РЕБАБ
05

Сасандо

Сасанду деп те аталатын Сасандо аспабы арфаға ұқсас түтікті цитра болып келеді, Индонезияның Нуса-Тенгара провинциясының шығысындағы Роте аралында қалыптасқан дәстүрлі ішекті музыкалық аспап. Сасандо атауы Роте аралының «сасанду» диалект сөзінен қалыптасқан, «тербелетін» немесе «дыбысты аспап» мағынасын білдіреді. Сасандо Роте тұрғындарына VІІ ғ. бастап белгілі болған деседі...

0:00 / 0:00
Сасандо
016

🇮🇹Италия

01

Лаунеддас

кларнет типтес, ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспап. 1700 ж. Нюрнбергте алғаш жасалып, ХVІІІ ғ. ІІ жартысынан бастап музыкада белсенді қолданыла бастады...

0:00 / 0:00
Лаунеддас
02

Мандолина

шағын ішекті-шертпелі музыкалық аспап, лютня типтес – лютня-сопрано, бірақ мойны қысқа және ішектер саны аз. Ішектерді медиатор, саусақтармен және құс қауырсыны көмегімен шертеді. Мандолинада тремоло техникасы қолданылады. Мандолинаның металл ішектерінің дыбысы қысқа болғандықтан, созыңқы ноталарды бір дыбысты қайталау арқылы алады...

0:00 / 0:00
Мандолина
017

🇯🇵Жапония

01

САНСИН (СЯМИСЭН)

Сансин (жапон тілінен үш ішекті) – шанағына жылан терісі қапталған ұзын мойынды пернесіз ішекті-шертпелі музыкалық аспап. Рюкю архипелагында кең таралған. Аспап сарай музыкасы мен халық шығармашылығында пайдаланылды. ХХІ ғ...

0:00 / 0:00
САНСИН (СЯМИСЭН)
02

ТАЙКО

Тайко – Жапонияда қолданылатын барабандар тобының атауы. «Тайко» сөзі «үлкен барабан» деген мағынаны білдіреді. Бұл барабандар ІІІ-ІХ ғғ. аралығында Қытай мен Кореядан келген болуы мүмкін, ал ІХ ғ...

0:00 / 0:00
ТАЙКО
018

🇰🇷Корея

01

Бук (бөшке тәріздес барабан)

корей тілінде барабандардың жалпылама атауы. Корей музыкасында әр барабанның сол тілдегі атауы болғандықтан, «бук» сөзі «өзге мемлекеттің барабаны» немесе Кореядағы белгілі бір барабан түрлеріне, негізінен, бөшке тәріздес, терімен қапталған барабандарға қатысты қолданылады. Буктың көптеген түрлері сарай, діни және халық музыкасында қолданылды. Самуль-бук (немесе нонъак-бук) самульнори және панкут халық музыкасында қолданылады...

0:00 / 0:00
Бук (бөшке тәріздес барабан)
02

Чангу

корей халқының ұрмалы музыкалық аспабы, екі жақты барабан түрі. Жылтыратылған (кейде лакталған) ағаш корпустан және өзара баулармен тартылған 2 тері мембранадан тұрады. Пішіні құм сағатқа немесе бір біріне тігінен қойылып, қысқа аяқтарымен байланыстырылған екі рөмкеге ұқсас. Аспап санджо орындауда қолданылады, сарай, би музыкаларын, түрлі әндер мен шаруалардың нонъак аспаптық музыкасын сүйемелдейді...

0:00 / 0:00
Чангу
03

Чинг

корей халқының ұрмалы аспабы, жезден құйылатын гонг. Өлшемдері мен шығу тегіне қарай гонгтың чон (чжонг), кымчон (кымчжонг), кым, кымна, на деп аталады. Аспап халықтық, әскери, ғұрыптық және шаман музыкасында қолданылады, салтанатты, төмен, ұзақ жаңғырықты жұмсақ дыбысымен ерекшеленеді. Чинг аспабында басы жұмсақ матамен қапталған ағаш таяқшамен ойнайды.

0:00 / 0:00
Чинг
04

Тэгым

Тэгым чжунгым (чжун – орташа) мен согым (со – кішкентай) секілді бамбуктан жасалған, аспап туралы алғашқы деректер Үш патшалық кезеңіне (б. з. б. 53 – б...

0:00 / 0:00
Тэгым
05

Хэгым

екі ішекті ыспалы аспап, хальтэ аталатын жылқы қылы тағылған қияқпен ойналатын корей скрипкасы. Ішектер қалың есілген жібек жіптен жасалып, квинта күйіне келтіріледі. Олар «чунгхён» және «юхён» деп аталады. Корпустың түбіне бекітілген ішектер «вонсан» көпірі арқылы өтіп, мойынға ұқсас бамбук өзектің басындағы үлкен құлақтарға тағылады...

0:00 / 0:00
Хэгым
06

КАЯГЫМ

Каягым – корей халқының 12 ішекті шертпелі аспабы. Комунго аспабымен қатар, корей музыкалық мәдениетінде біршама маңызды аспаптар қатарына жатады. Заманауи еуропалық классификация бойынша, ұзын цитралар тобына жатады. Каягым тұтас павловния ағашынан жасалып, ал оның ішектері жібектен хёнчим деп аталатын бекітілген ағаш көпірге тағылады...

0:00 / 0:00
КАЯГЫМ
07

Квенгвари

жезден жасалған шайба тәріздес шағын гонг, корей дәстүрлі музыкасында қолданылады. Дыбыс ағаш таяқша арқылы алынады. Дыбысы жоғары, металл, қатты соқса дыбысы гүрсілге ауысады. Квенгвари, негізінен, нонъак – ауылдық корей музыкасында, самульнори – жаңа қалалық жанрда және шаман музыкасында қолданылады...

0:00 / 0:00
Квенгвари
08

Пири

қос түтікті үрмелі аспап, Кореяның халық және классикалық музыкасында қатар қолданылады. Аспап бамбуктан жасалады. Оның үлкен түтігі мен цилиндрлік саңылауы басқа гобойлармен салыстырғанда оның дыбысын жұмсақ етеді. Қарапайым пири аспабында 8 ойын саңылауы болады...

0:00 / 0:00
Пири
09

Тансо

корей халық музыкасында тісшелі ұзын сыбызғы. Дәстүрлі түрде бамбуктан жасалатын, бірақ ХХ ғ. бастап пластиктан жасала бастады. Аспап қытайлық сяо аспабынан бастау алады және корей бастауыш мектептерінде білім беру мақсатында қолданылады...

0:00 / 0:00
Тансо
10

Тхэпхенсо

металдан жасалған төменгі жағы кеңейген үрмелі аспап. Аспап көше орындаушыларынан немесе далалық қыдырыстардан келген. Корейлер ауылдарда үлкен мерекелік ойындар ұйымдастырып, барабанның ырғағына билегенде, оларды тхэпхенсо аспабының қатты өткір дыбысы сүйемелдейтін. Әдетте, халық әуендері көңілді, назды болатын...

0:00 / 0:00
Тхэпхенсо
019

🇱🇦Лаос

01

Кхэн (лаос. босаңсу)

лаос музыкалық аспабы, аэрофондар тобы, органның бір түрі. Кхэн – көпдіңгекті сыбызғы, тхай, мяо және басқа да Үнді-Қытай түбегіндегі халықтардың «қол органы». Қытайдың «шэн» аспабы секілді резонаторы болады, шэнде түтікшелер сол резонаторға орнат ылған, ал тай және тхайларда олар резонатор арқылы өтеді. Металл тілшелі түрлі ұзындықтағы бамбук түтікшелер ауа үрлейтін саңылауы бар ағаш корпуста 2 параллель қатар болып орналасады...

0:00 / 0:00
Кхэн (лаос. босаңсу)
020

🇱🇻Латвия

01

Коклес немесе кокле

латыштардың ұлттық ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Литваның канклес, эстондық каннель, финн-карель кантеле, орыстың қанат тәрізді гусли аспаптарына ұқсас. Коклестың іші қуыс трапеция тәрізді корпусы жұқа ағаш декамен жабылған. Ағаш құлақтар ішектер тартылатын жіңішке металл білікке бекітіледі...

0:00 / 0:00
Коклес немесе кокле
021

🇱🇹Литва

01

Bells

.

0:00 / 0:00
Bells
02

Бирбине (свирель немесе сиринкс, рожок) (лит. бирбине)

литвалықтардың тұпнұсқа үрмелі музыкалық аспабы. Аэрофондар қатарына жатады. Аспаптың атауы birbti – үру, үрлеу сөзінен туындаған. Бұл қарапайым сыбызғы қауырсыннан, қамыстан, жануар мүйізінен немесе ағаштан жасалды...

0:00 / 0:00
Бирбине (свирель немесе сиринкс, рожок) (лит. бирбине)
03

Рожок

Литва елінің саңылаулары мен ағаш мүштігі бар, ешкі мүйізінен жасалған аспабы. Дәстүрлі аспап түрінде 2-6 аралығында дыбыс саңылаулары болады. Дыбысы қатты. Бастапқыда бақташылар мен аңшылар, кейіннен халық ансамблі музыканттары қолданды...

0:00 / 0:00
Рожок
04

Канклес

Литва елінің ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Ұзындығы 800-900 мм. Аспап диатоникалық күйге келтіріледі. Сондай-ақ, латыштардың ку́оклэ, эстондық каннель, карель-финндердің кантеле және орыстардың гусли аспаптарымен ұқсастықтары бар...

0:00 / 0:00
Канклес
05

Скудучяй

литвалықтардың үрмелі музыкалық аспабы. Көптүтікті жабық сыбызғы, Пан флейтасының бір түрі. 2 не одан да көп ағаштан жасалған, өзара бірікпеген әр түрлі ұзындықтағы (80-200 мм)түтіктерден тұрады. Олардың төменгі ұштары жабық, жоғарғы жақтары түрлі деңгейде қарсы тұстан кесілген...

0:00 / 0:00
Скудучяй
022

🇲🇳Монғолия

01

Морин хуур

монғол халқының ыспалы аспабы. Монғолияда, ҚХР-да (Ішкі Монғолия, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы), Ресейде (Бурятия, Калмыкия, Иркутск облысы, Забайкальск өңірі) кең таралған. Аспаптың басы дәстүрлі түрде жылқының басы түрінде жасалады. Монғол поэзиясында аспаптың дыбысы жылқының кісінегеніне немесе дала желіне ұқсас...

0:00 / 0:00
Морин хуур
023

🇲🇦Марокко

01

Bendir

.

0:00 / 0:00
Bendir
02

ГАМБРИ (ХЕЖУЖ, ГАНАБРИ, СИНТИР)

Синтир, сондай-ақ гамбри, ганабри немесе хежуж деген атпен танымал бұл аспап үш ішекті шертпелі лютня, беті терімен қапталған, негізгі қолданушылары – гнава халқы. Аспаптың көлемі гитараныкындей, шанағы ағаштан жасалып, бетіне түйе терісі тартылады. Мойны қарапайым келген, бір қысқа және екі ұзын ешкі ішегінен жасалған ішектері бар. Аспапта сұқ саусақпен және бас бармақтың ішкі жағымен ішектерді шертіп ойнайды...

0:00 / 0:00
ГАМБРИ (ХЕЖУЖ, ГАНАБРИ, СИНТИР)
03

Кракеб немесе каркабу

Магриб ұлттық музыкалық аспабы. Атауы кейде каракиб, кркиб немесе каркаба деп те айтылады. Кракеб екі шеті бар металлдан жасалған жұп қасық түрінде берілген аспап. Ойын барысында екі қолда осындай жұп «қасықтар» ұстап, олар өзара соғылғанда жылдам, екпінді дыбыс туындап, қанық ырғақ қалыптасады...

0:00 / 0:00
Кракеб немесе каркабу
04

ТБИЛАТ

Тбилат – бұл Марокконың ұрмалы аспабы, бонго және табла аспаптарына ұқсас болып келеді. Бұл аспап әртүрлі пішінде, безендірілген қос барабаннан тұрады. Тбилатқа жануардың созылған бас терісінен өрілген баулар байланады. Тбилатты жерге екі аяқтың арасына қойып, екі қолмен ұрып ойнайды.

0:00 / 0:00
ТБИЛАТ
024

🇵🇰Пәкістан

01

Алгоза

Үндістанның солтүстік-батыс өңірі (Пенджаб штаты) мен шекаралас Пәкістан өлкесінде таралған бақташылардың ағаш флейтасы. Аспап басқа өңірлерге таралмаған. Ертеректе алгозада бақташылар ойнаған, бірақ кейінгі кездері халық музыкасын орындайтын кәсіби музыканттар да жиі ойнайды. Бұл аспаптың атаулары көп, ал «алгоза» соның бірі ғана...

0:00 / 0:00
Алгоза
02

БАНСУРИ

Бансури, бансули (санскр. bansi – бамбук) – флейта түріне жатқызылатын, Үндістанның дәстүрлі және классикалық үрмелі музыкалық аспабы. Аспап бамбук ағашынан жасалынады. Оның жоғары бөлігінде 6-8 саңылау, төменгі жағында бір саңылау болады...

0:00 / 0:00
БАНСУРИ
03

БЮЛЬБЮЛЬ ТАРАНГ

Бюльбюль таранг (тікелей аудармасы «Бұлбұл толқындары», Үнді немесе Пенджаб банджосы) – 1930-жж. шамасында Оңтүстік Азия жеріне келген жапондық тайшогото аспабы негізінде қалыптасқан Үнді және Пәкістандық Пенджабтың ішекті музыкалық аспабы. Аспапты 1912 ж. Нагоя қаласында музыкант Горо Морита жасап шығарды...

0:00 / 0:00
БЮЛЬБЮЛЬ ТАРАНГ
04

ДХОЛ

Дхол – кез-келген екі жақты барабан типтеріне жатқызылады. Бұл аспап Үнді субконтинентінде кең қолданылады және өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Дхолдың таралу аймағы Үндістан, Бангладеш және Пәкістан, негізінен бұл елдердің солтүстік аймақатары, оның ішінде: Пенджаб, Харьяна, Дели, Кашмир, Синд, Ассам, Гуджарат, Махараштра, Конкан, Гоа, Карнатака, Раджастхан и Уттар-Прадеш. Одан бөлек Ауғанстанның шығыс бөлігінде де таралған...

0:00 / 0:00
ДХОЛ
05

ДХОЛАК

Дхолак – индия субконтинентінде қолданылатын екі жақты, қолмен ұрып ойналатын барабан түрі. Дхолактың кішірек жағы жіңішке ноталарды беру үшін ешкі терісінен жасалады, ал үлкен жағы төменгі жиілікті беру үшін енекенің (буйвол) терісінен жасалады. Шанағы шишам ағашынан жасалады, бірақ арзан тұратын дхолактар әр түрлі ағаштардан жасала береді, мысалы манго. Бұл аспап кавали, киртан, лавани және бханграда кеңінен қолданылады...

0:00 / 0:00
ДХОЛАК
06

ҮНДІ ГАРМОНИКАСЫ

Үнді гармоникасы – сырт келбеті сәл өзгеріске ұшыраған еуропалық фисгармония түрі. Азияға XVIII-ХІХ ғғ. христиан дін таратушылары әкелген бұл аспап ХХ ғ. басында Үндістанның солтүстік аймағында музыка мәдениетінің дәстүрлі аспабына айналды...

0:00 / 0:00
ҮНДІ ГАРМОНИКАСЫ
07

Бин (пунги)

кларнет тәріздес, Үнді елінің үрмелі музыкалық аспабы. Аспап бір жағы мүштігі бар ауа камерасынан, екінші жағынан әуенді және бурдонды екі түтікшеден тұрады. Мүштігі бар ауа камерасы кептірілген асқабақтан немесе ағаштан, ал түтіктер бамбук немесе қамыстан жасалады. Бурдонды түтік көмегімен тек бір ғана ұзақ нота орындайды, ол әуенді түтікпен ойналатын негізгі музыканы сүйемелдейді...

0:00 / 0:00
Бин (пунги)
08

САРАНГИ

Саранги – лютня типтес үнді халқының ішекті-ыспалы аспабы. Үнді дәстүрі бойынша тата-вадья тобына жатады; Хиндустани (Үндістанның солтүстік аудандарында, Пәкістан мен Непалда) музыкасында кең таралған; аймақтық түрлері де кездеседі. Корпусы тұтас ағаштан жасалады, мойны жуан, шеттерінде ойықтары болады, жоғары декасы терімен қапталады. Кварта және квинтаға келтірілген 3-4 ойын ішектері, диатоникалық дыбыс қатарының үніне сай реттелген резонанстаушы 11-15 ішек мойыннан өтіп, бүйірдегі құлақтарға бекітіледі...

0:00 / 0:00
САРАНГИ
09

САТАРА

Сатара немесе пава флейта тобына жататын музыкалық құралы. Бұл қос үрмелі ағаш аспабын Үндістан мен Пәкістан арасындағы Тар шөліндегі бақташылық қоғамда кеңінен пайдаланады. Пава көп жағдайда Пәкістанның оңтүстігінде, Гуджарат және Раджастхан аймақтарында кеңінен танымал, оның бірнеше түрлері бар.

0:00 / 0:00
САТАРА
10

Шенай (шенаи, шехнаи, шахнаи) (этимологиясы шамамен «наи-и-шахи», парсы. «шах флейтасы» сөзінен)

екі тілшелі гобой, Хиндустанның солтүстік аудандарының (Үндістанның солтүстігі, Непал, Пәкістан) дәстүрлі және классикалық музыкасында қолданылады. Оңтүстік Үндістандағы нагасварам және тибеттік гъялинг аспаптарының аналогі. Ағаштан жасалған корпусы төмен қарай кеңейе түседі (эбен секілді мықты ағаштар қолданылады), ұзындығы 30-45 см аралығында болады. Корпус шеттері жазылған мыс (жез) немесе күміс кеңернеумен аяқталады...

0:00 / 0:00
Шенай (шенаи, шехнаи, шахнаи) (этимологиясы шамамен «наи-и-шахи», парсы. «шах флейтасы» сөзінен)
11

СИТАР

Ситар – көп ішекті музыкалық аспап, үнді халқының классикалық музыкасын орындау барысында қолданылады. Бұл музыкалық құрал ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Ситарда негізгі ішек – 7, қалған 9-13 қосымша дыбыс ішектері болып келеді. Қосымша дыбыс ішектер негізгі ішектермен үйлесім тауып ерекше дыбыстар береді...

0:00 / 0:00
СИТАР
12

Табла

араб тілінде «барабан» мағынасын білдіреді. Аспапты алғаш сопы Амир Хусроу көненің ұрмалы пакхавадж аспабын екіге бөліп жасаған деп саналады. Табла екі барабаннан тұрады: кішкентай – табла немесе даян және үлкен – дага немесе баян. Дагада сол қолмен ойнайды...

0:00 / 0:00
Табла 1
Табла 2
1/2
025

🇵🇱Польша

01

Подхаланские дуды

волынканың поляк түрі. Польшаның ұлттық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілген, бұл тізімге тек аспап қана емес, сондай-ақ, оны жасау мен аспапта орындау тәсілдері де енгізілді. Подхаланские дуды – поляк ұлттық аспаптарының ішіндегі төрт дауысты жалғыз аспап болып табылады. Аспап ешкі терісінен жасалған қап пен бірнеше ағаш түтіктерден тұрады...

0:00 / 0:00
Подхаланские дуды
026

🇷🇴Румыния

01

Най

молдова, румын, украин халықтарының ағаштан жасалған үрмелі аспабы. Аспап доға тәрізді тері құрсауда бекітілген түрлі ұзындықтағы 8-24 түтіктен тұрады. Дыбыс биіктігі түтіктің ұзындығына байланысты. Найдың дыбыс қатары диатоникалық...

0:00 / 0:00
Най
027

🇷🇺Ресей

01

САРАТОВ ГАРМОНІ

Саратов гармоні – қоңыраулардың болуымен ерекшеленетін жергілікті орыс гармонінің бір түрі. Сондай-ақ, оның тембрі мен дыбыс күші де өзгеше. Аспап туралы баспа беттеріндегі алғашқы хабарламалар 1866 ж. жатады: «Саратовский справочный листок» газеті Вольск жанынан пароходпен өтіп бара жатқан жолаушылар кеме капитанын «қоңыраулы гармониканың үнін жақсырақ есту үшін» жағаға жақындауды өтінген деп жазады...

0:00 / 0:00
САРАТОВ ГАРМОНІ
02

Балалайка

орыс халқының пішіні үшбұрыш тәрізді, үш ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Дыбыс шығарудың негізгі әдістері – салдырлату және тремоло (сұқ саусақпен барлық ішекті қатар соғу) әдістері. Балалайка – орыс халқының ең танымал музыкалық аспабы және гармоньмен қатар орыс музыкалық шығармашылығының нышанына айналды. Аспаптың халықтық атауы, ойын арқылы жеткізетін үні қызығушылықты оятады...

0:00 / 0:00
Балалайка
03

Бубен

ағаш жиектемеге тартылған тері мембранадан тұратын, дыбыс биіктігі белгісіз, ұрмалы аспап. Аспаптың кейбір түрлеріне металл қоңыраулар ілінген. Орындаушы бубеннің мембранасын соққанда, үйкелегенде немесе аспапты сілкігенде сыңғырлайды. Оңтүстік Еуропа музыкасында крест жорықтары кезінен және Батыс симфониялық пен үрмелі аспаптар музыкасында ХІХ ғ...

0:00 / 0:00
Бубен
04

Домра

орыс, украин, белорус халықтарының ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Аспап пішіні жарты сфера тәріздес, медиатор көмегімен дыбысталады. Дыбыстандыруда жиі қолданылатын әдіс – тремоло. Домраның екі түрі бар: кварта күйіндегі 3 ішегі бар Ресейде қолданылатын және Украина мен Белоруссияда кең таралған квинта күйіндегі 4 ішекті домра аспаптары...

0:00 / 0:00
Домра
05

МАНДОЛИНА

Мандолина – шағын ішекті-шертпелі музыкалық аспап, лютня типтес – лютня-сопрано, бірақ мойны қысқа және ішектер саны аз. Ішектерді медиатор, саусақтармен және құс қауырсыны көмегімен шертеді. Мандолинада тремоло техникасы қолданылады. Мандолинаның металл ішектерінің дыбысы қысқа болғандықтан, созыңқы ноталарды бір дыбысты қайталау арқылы алады...

0:00 / 0:00
МАНДОЛИНА
06

Жалейка (брёлка)

үрмелі музыкалық аспап. Славяндар арасында кең таралған. Жалейка шалюмо және венгрдің тарогато аспаптарымен қатар бүгінгі кларнеттің арғы тегі болып саналады. Бастапқыда шопандардың қой қайыратын аспабы болған...

0:00 / 0:00
Жалейка (брёлка) 1
Жалейка (брёлка) 2
1/2
028

🇷🇸Сербия

01

Двоянка

дюдюк аспабының бір түрі. Оның дәстүрлі дюдюктан ерекшелігі – двоянкада екі түтіктің болуында. Олардың бірі – әуендік, екіншісі – бурдонды. Аспап қос дауыста ән орындау кең таралған аймақтарда танымал.

0:00 / 0:00
Двоянка
02

ФРУЛА

Фрула – Сербияда ойналатын орташа көлемді флейта тәріздес музыкалық аспап. Сондай-ақ, svirala (свирала) немесе jedinka (жединка) деген атаулармен де танымал. Негізінен, аспап алты саңылау ойылып, ағаштан жасалады. Фруланы шопандар мал бағып жүріп ойнағандықтан, шопандардың дәстүрлі аспабы деп атайды...

0:00 / 0:00
ФРУЛА
03

Гусле

оңтүстік славян халықтарының ішекті-ыспалы музыкалық аспабы. Аспаптың сопақша және жұмыр шанақ корпусы ағаштан ойып жасалады. Оның ашық жағы тері мембранамен жабылған, кейде бірнеше шағын резонаторлық саңылаулар жасалады. Мойынның жоғары бөлігіне перпендикуляр ұзын ағаш құлақ орналасқан, оған 50-60 жылқы қылынан есілген 1 немесе 2 ішек тағылады...

0:00 / 0:00
Гусле
029

🇹🇯Тәжікстан

01

Daf

.

0:00 / 0:00
Daf
02

Doira

.

0:00 / 0:00
Doira
03

Думбра

ұзындығы шамамен 700-800 мм болатын, корпусы алмұрт пішіндес, мойны ұзынша келген екі ішекті музыкалық аспап. Тұт ағашынан жасалады. Аспаптың корпусы ойып жасалады, сырты шығыңқы; декада шағын дөңгелек формалы 2-3 топ дыбыс ойықтары жасалған. Мойны дөңгеленген, пернесіз; жоғарғы ұшына ағаш құлақтар орнатылған...

0:00 / 0:00
Думбра
04

Дутори

құрылысы, ішектердің күйге келтірілуі, дыбыс қатары мен ойнау техникасы бойынша тәжік дуторының өзбек дутарынан еш айырмашылығы жоқ. Аспап аңғарлы өлкелер мен республика қалаларында кең таралған. Дутор әуесқой және кәсіби музыканттар арасында кең таралған. Аспапта әншілерді сүйемелдеп, халық әндерін, би мен түрлі аспаптық пьесалар орындаған...

0:00 / 0:00
Дутори
05

Гиджак. Тәжікстанда екі, үш және төрт ішекті гиджактар қолданыста. Екі ішекті гиджактың құрылысы қарапайым. Аспап ұзындығы 700 мм ағаш кесегінен жасалады, бір жағы сәл үшкірленіп, аяқ қызметін атқарады, екінші жағы кеңейе келіп, екі құлақ бекітіледі. Ағашқа резонаторлық корпус қызметін атқаратын қаңылтыр құты кигізіледі. Ішектер түкті, кварта күйіне келтіріледі. Ысқышы садақ пішіндес, шайырланған жылқының қара қылы тағылады. Ойын барысында аспапты тік қалыпта ұстайды. Дыбысы әлсіз. Екі ішекті гиджак Тәжікстанның таулы аудандарында кең таралған, дегенмен қазіргі кезде жетілдірілген үш және төрт ішекті гиджактармен ығыстырылуда.

Тәжіктің үш ішекті гиджак аспабының құрылысы, ішектердің кварта күйі өзбектің үш ішекті гиджагымен ұқсас келеді. Ойын тәсілінде де еш айырмашылық жоқ. Аталған аспап түрі республиканың аңғарлы аудандары мен қалаларда кең таралған. Аспапта жеке және ансамбль құрамында басқа аспаптармен (най, дутор, чанг, дойра,т...

0:00 / 0:00
Гиджак. Тәжікстанда екі, үш және төрт ішекті гиджактар қолданыста. Екі ішекті гиджактың құрылысы қарапайым. Аспап ұзындығы 700 мм ағаш кесегінен жасалады, бір жағы сәл үшкірленіп, аяқ қызметін атқарады, екінші жағы кеңейе келіп, екі құлақ бекітіледі. Ағашқа резонаторлық корпус қызметін атқаратын қаңылтыр құты кигізіледі. Ішектер түкті, кварта күйіне келтіріледі. Ысқышы садақ пішіндес, шайырланған жылқының қара қылы тағылады. Ойын барысында аспапты тік қалыпта ұстайды. Дыбысы әлсіз. Екі ішекті гиджак Тәжікстанның таулы аудандарында кең таралған, дегенмен қазіргі кезде жетілдірілген үш және төрт ішекті гиджактармен ығыстырылуда.
06

Nai

.

0:00 / 0:00
Nai
07

Tavlyak

.

0:00 / 0:00
Tavlyak
08

Тутек

тәжік, армян, әзірбайжан, тау еврейлерінде кең тараған флейта типтес үрмелі музыкалық аспап. Ертеректе бақташылар арасында танымал болған. Аспап 6-7 ойын саңылауы бар түтік пішіндес. Тутектің үлкен және кіші түрлері Әзірбайжанда халық аспаптар ансамблі мен оркестрлері құрамында жеке орындаушы аспап ретінде қолданылады...

0:00 / 0:00
Тутек
030

🇹🇭Таиланд

01

КАЭН

Каэн – Оңтүстік-шығыс Азия – Лаос, Бирма және Таиланд елдерінің үлкен ауыз органы. Аспап тарихы ХІV ғ. басталады. Аэрофондар қатарына жатады...

0:00 / 0:00
КАЭН
02

Сау немесе ку сау сам сай

Тай халқының ежелгі ішекті-ыспалы аспаптардың бірі. Аспап кокос жаңғағының жартысынан дайындалып, корпус формасы мен ішектер саны бойынша ажыратылады.

0:00 / 0:00
Сау немесе ку сау сам сай
03

Wot

.

0:00 / 0:00
Wot
031

🇺🇦Украина

01

Бандура

Украина халқының ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Аспаптың корпусы сопақша, мойны қысқа. Ішектердің жартысы (ескі аспапта – 12-25, заманауида – 53-70) мойынға (ұзын, дыбысы төмен бас ішектер), қалған жартысы декаға (қысқа, дыбысы қатты ішектер) бекітіледі. Ағаштан ойып жасалған корпусы таяз, пішіні дөңгелек, көп жағдайда алмұрт пішіндес...

0:00 / 0:00
Бандура
02

КУВИЦЫ

Кугиклы немесе кувицы (кувиклы, кувички, цевница, дудки, тростянки, украин тілінде кувиця, кувичка, свиріль) – орыс және украин халықтарының көптүтікті флейтасы. Аспаптың түтіктері өзара бекітілмейді. Қамыс сабағынан (Курск), шатырлы өсімдіктерден немесе аюбадам қабығынан (Брянск пен Калужск) жасалады. Русь жерінде аспаптың таралу аясы ауқымды болмаса да, бүгінгі Брянск, Курск, Калужск, Смоленск, Тверь және Белгород облыстарының шекарасында орналасқан шығыс славян халықтарының ескі қоныстарын қамтыды...

0:00 / 0:00
КУВИЦЫ
032

🇻🇳Вьетнам

01

Дан нхи Вьетнамдағы бірқатар этникалық топтар арасында танымал. Сондай-ақ, аспап Вьетнамның оңтүстік аймақтарында Дан Ко атауымен де кездеседі.

Дан нхи – екі ішекті ыспалы, тік скрипка тәріздес аспап. Ертеректе дан нхи ішектері жібектен жасалса, заманауи шеберлер аспап жасауда металды таңдайды. Пернелер жылқы қылынан, декасы жылан терісімен қапталған. Қияғын бамбуктан немесе ағаштан жасап, жылқы қылын тартқан...

0:00 / 0:00
Дан нхи Вьетнамдағы бірқатар этникалық топтар арасында танымал. Сондай-ақ, аспап Вьетнамның оңтүстік аймақтарында Дан Ко атауымен де кездеседі.