13+ этникалық топтың музыкалық мұрасын олардың дәстүрлі аспаптары арқылы зерттеңіз
Алтайлық комус – ХХ ғасырдың 80-жылдарында алтайлық варган Таулы Алтайдың алыс аймақтарында сақталған болатын. Бірақ танымал шеберлер ағайынды Павел мен Владимир Поткиндердің арқасында қайта жанданды. Ескі наным бойынша, алтай шамандары варганда ойнап, оның дыбысталу тембрі мен тербеліс типін өзгерту арқылы үш әлемге ауыса алды. Алтайлық комуста ойнау аса қиын емес...

Дека формасы әр түрлі болуы мүмкін – дөңгелек немесе қалақ тәріздестен шаршы, үшбұрыш, ағаштың бойлап кесілген формасы тәріздес. Жоғарғы деканы өңделмеген теріден (бұл кезде дыбыс күңгірт, барабан дыбысы секілді) немесе жұқа ағаш қабығынан (онда дыбыс жартылай акустикалық гитараға ұқсас) жасайды. Топшур ішектерін кварта күйіне келтіріледі. Ойнау тәсілі – салдыр (бряцание): оң қолдың ортаңғы саусағымен ішектерді аршынды соғу...

Хроматикалық дыбыстар алу үшін кейбір саңылауларды жауып, қажет үрлеу күшін таңдайды. Аспаптың дыбысы жұмсақ, сәл тербеледі, тембрі анық. Әдетте, 2 балабан қолданылады – бірімен әуенді, екіншісімен – нақты орган дыбыстарын орындайды. Кей кезде екіншісіне ұрмалы аспаптар (деф немесе нагару) қосылады...

«Кеманча» сөзі парсы тілінен аударғанда «шағын ыспалы аспап» мағынасын білдіреді. Кеманча ХІХ ғасырда қалыптасты, бұл кезеңде тарихшылар аспапта ойнау өнерінің өрлегенін жазады. Бұл ханенделердің кәсіби әншілік өнерінің дамуымен байланысты. Ханенде – бұл әзірбайжандардың халық әншілері...

2012 жылдың 5 желтоқсанында әзірбайжанның тарда ойнау өнері мен аспап жасау шеберлігі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Тар сөзі «ішек» деген мағынаны білдіреді. Тар – ағаштан ойып жасалады. Иллюстрацияларда байқағанымыздай, тардың корпусы екі тостағаннан тұрады (әдетте тұт ағашынан жасалады), ол жануар немесе балық терісімен қапталады, ұзын мойны мен басын негізінен жаңғақ ағашынан жасайды...

• Тәжікстанда – най-чупони (шопандар найы), сурнай, филан. • Арменияда – шви. Діңгегі цилиндр тәріздес, өрік, жаңғақ, тұт ағаштарынан немесе қамыстан жасалады. Ұзындығы 280-300 мм, диаметрі – 20 мм діңгектің беткі жағынан 6-7 ойын саңылауын, қарсы бетінен бір саңылау жасайды...

Тарихы терең аспап бүгінде де кең таралған аспаптың бірі болып қалуда. Кубыздың сырт пішіні мен дыбысталуы варганға ұқсас келеді. Ол да тілшелі-шертпелі аспаптар түріне жатады. Бұл орындаушы тербеліске келтіру негізінде металл тілшенің көмегімен дыбыс алу дегенді білдіреді...

Курай – башқұрт және татар халықтарының үрмелі музыкалық аспабы. Құрылымы және жасалған материалы бойынша ерекшеленетін бірнеше түрі бар. Хорнбостель-Закстың музыкалық аспаптар классификациясы бойынша, курай сыбызғы топшасындағы аэрофондар қатарына жатады. Тілшелі топшасына жататын курайлар да кездеседі...

Дутар репертуары алуан – шағын тұрмыстық пьесалардан көлемді маком, дастандарға дейін. Дутар жеке, ансамбльдік (гиджак, танбур, рубаб, дойрамен бірге) және аккомпанемент аспап ретінде қолданылады. Үй жағдайында және халықтың кәсіпқой музыканттары жиі қолданады. Қолданыста жүрген аспап негізінде Өзбекстанда 30-ж...

Қобызда қысқа қияқпен, тіземен қысып ұстап ойнайды. Ертеректе аспапты бақсылар түрлі рәсімдер үшін қолданған. Қобыз тұтас ағаштан (арша, үйеңкі, қарағай, қайың) ойып жасалады. Бұл адамзат тарихындағы музыкалық аспаптар жасаудың ең көне тәсілдерінің бірі, және ол техникалық артта қалушылықпен немесе металл құрал-жабдықтың жоқтығымен байланысты емес...

Ертеректе қарағайдан тұтастай ойып жасайтын, кейінірек бөлек ағаш бөліктерінен жинап, жапсыратын болды. Бұрынғы чатханда жылқы қылынан жасалған 3-4 ішек болды. Кейде 14 ішек қолданылуы мүмкін. Әдетте 6-7 болат ішектер әрқайсысының астында орналасқан сүйек тіреуіштер – асықтар арқылы қалыпқа келтірілді...

Ыық – хакастардың дәстүрлі ішекті-ыспалы аспап. Ұқсас аспаптар: алтайлық икили, тувалық игил. 2 не 3 ішекті, қияғы – чаачах. Ішектері жылқының қылынан жасалады...

Ойын барысында аспапты 25-30 градуста (гитара секілді) ұстайды; кәсіби орындаушылар шеберлігін көрсету мақсатында аспапты бірнеше қалыпта ұстап ойнайды. Дыбыс алудың бірнеше тәсілдері бар (соның ішінде флажолет, баррэ, шанақты ырғақты соғу), шерту кезінде оң қолдың барлық саусақтары қатысады. Пернелері болмағандықтан, аспапта мелизмдер ролін атқаратын ерекше әдемі микроинтервалдар орындауға болады. Комуздың үні жұмсақ, ақырын...

Гармонь көше ансамбльдерінің ең басты аспаптарының бірі болды, кейде халық сүйікті аспаптары курай мен скрипканы екінші кезекке ығыстыратын. Татарлардың музыкалық тұрмысында гармонь аспабының кең таралуына аспапта ойнаудың оңайлығы мен өндірістің дамуына байланысты қолжетімді болуы да ықпал етті. Татар халқы аспапты басқалармен салыстырғанда өзгеше қабылдады. Халық орындаушылары аккордтар орналасқан сол жақты пайдаланбай, әуен ойнауға негізінен оң жақ клавиатураны қолданды...

Сурнай діңі конус пішінді болып, ағаштан (өрік ағашы) жасалған аспап. Төменгі жағы конус тәрізді кеңейеді. Жоғарғы жағына ашамен ағаш тығын орнатылады. Осы тығынға іші қуыс металл штифт (өзек), кейін бұған қосарлы таяққа айналатын майыстырылған қамыс орнатады...

Кавказ, Орталық Азия, Иран, Болгария (тъпан), Македония, Румыния, Түркия және Гагауз (Молдавия), Армения аймақтарына және күрттерде тараған халық музыкалық ұрмалы аспабы. Екі жағы қозы терісімен қапталып, соғып ойналады. Қазіргі кезде екі жағы да пластикадан жасалып жүр. Кейде ағаштан жасалған бөлігін таяқшамен соғады...

парсылардың ішекті-ыспалы музыкалық аспабы. Дәл осы аспап басқа ыспалы аспаптардың бастауы болып саналады. Бүгінде аспаптың бұл түрі Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінде таралған. «Кеманча» сөзі парсы тілінен аударғанда «шағын ыспалы аспап» мағынасын білдіреді...

Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия мен араб елдерінде кең таралған және аталған аймақтарда ең көне аспаптардың бірі болып есептелетін ішекті-шертпелі аспап. Удтың шығу тарихына қатысты бірнеше пікірлер бар. Кейбір зерттеушілер өз еңбектерінде аспаптың тас қаламалардағы бейнелеріне сүйеніп, аспаптың шыққан жері Үндістан немесе Бактрия деп санайды. Дегенмен де, Парсы елінде Аршакидтер билігі кезінен (б...

тамбурлар қатарындағы лютня типтес аспап. Кавказ, иран, Ауғанстан, Түркия және өзге Шығыс елдерінде, сонымен қатар татарлар мен башқұрттар арасында кең таралған. Әзірбайжан ашугтарының (әнші-ақындар) дәстүрлі аспабы. Ираника энциклопедиясына сәйкес, саздың арғы тегі XV ғ...

лютня тәрізді, мойны ұзын, декасы (корпусы) алмұрт пішіндес ішекті-шертпелі музыкалық аспап. Араб елдерінде, Иран, Орта Азия, ұйғырларда кең тараған. Аспаптың жалпы ұзындығы 1100-1300 мм. Дыбыс плектр көмегімен алынады...

парсылардың ұрмалы музыкалық аспабы. Әзірбайжан, Армения, Ирак, Иран, Тәжікстан, Сирия, Түркия, Өзбекстан мен Таяу Шығыс елдерінде танымал және классикалық музыкада қолданылатын дабылдың бір түрі. Бүгінгі күнге дейін алғашқы түрін сақтаған аспаптардың бірі. Дааф – ағаштан жасалған шеңбер жиектемеге бекіре терісі тартылған аспап...

құрылымы өзбек пен тәжік дутарларына ұқсас, ішекті-шертпелі аспап. Оның жалпы ұзындығы шамамен 900 мм. Өзбек, тәжік дутарларынан айырмашылығы түркмен дутарының өлшемдері кішірек, корпусы ойып жасалған, мойны салыстырмалы түрде қысқа және 1,5 октава шамасындағы хроматикалық дыбыс қатары бар қозғалмалы металл пернелердің болуы. Ішектері жібектен тағылады, бірақ соңғы кездері металға ауыстырылды, құрылымы кварта...

түркмен халқының ішекті-ыспалы аспабы. Қияқ екі жақ ұшына жылқы қылы бекітілген тіке таяқ. Орындаушы оң қолын қияқтың ағашы мен қылының арасына қойып, шынашағымен оның керілуін реттейді. Оған әуезділік тән, дегенмен, мелизматикалық фигуралар: құбылту мен форшлагтарға да икемді келеді...


түркмендердің бұл аспабы ұзын ашық сыбызғы (флейта) болып табылады. Аспаптың бұл түрі сыбызғылардың ең көне түрі болып табылады. Флейтада мүштіктің үшкір шеттерінен басқа дыбыс шығаруды жеңілдететін ешқандай құрылғы жоқ. Туйдуктың көне аспап болып саналуының бір себебі, басқа түркмен аспаптары секілді, құрылымында табиғи өлшемдердің қолданылуы...

4 ішекті, пернесіз ыспалы аспап. Тембрлік реңі классикалық скрипка тембрімен бірдей. Бірақ дыбысталуы әлдеқайда мұңды; диапазоны – ең төменгі нота – бірінші октавадағы D (ре), ең жоғарғы нота – екінші октавадағы А (ля). Қияқтағы 2 түйін шаш ішектер арасымен өтеді...

тыва халқының көп ішекті-шертпелі аспап. Тембрлік реңі бойынша орыстың гусли және еуропалық цитра аспаптарына ұқсас. Диапазон – бірінші октавадағы Ғ (фа) - үшінші октавадағы Н (си). Аспапта ойнау барысында тувалықтар дыбыс шығарудың түрлі тәсілдерін қолданды: оң қолмен шерту – шымчып ойнаар, шертіп – согуп ойнаар, сол қол тек ішек астындағы асықтарды қозғалтуда ғана қолданып, күйді басу – хылдап ойнаар, мүйіз немесе тұяқтан жасалған медиатормен, ағаш таяқшалар пайдалану – тогдур/ догуур...

Туваның демир-хомусы «чаактары» – беті, ортасында болат тілшесі – «дылы» бар темір айырық түрінде келеді. Дәстүрлі туваның демир-хомустың ұлттық аяқ киім «кадыг идик» формасындағы ағаш қабы бар. Темір айрығы жайпақ пластина формасында, табанында жалпақ келеді. Тілше айрық табанының ортасына бекітіліп, ұшы қайырылған...

ұйғыр халқының ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Оның формасы трапеция тәрізді жалпақ қорапша болып келеді. Шанағы тұт ағашынан, декасы, төменгі және жоғарғы жағы шырша ағашынан, ал ішектері металдан жасалған. Ені – 45см, биіктігі – 15см...

ұйғыр халқының үрмелі музыкалық аспабы. Аспап жаңғақ ағашынан жасалған, жіңішке дыбысы бар флейтаға ұқсас келеді. Бірақ соңғы жылдары ұйғыр халқы най аспабын жасауда қытай халқының бамбугын қолданып келеді. Аспапты халықтық және кәсіби музыкалық шығармаларды сүйемелдеумен қолданады.

ұйғыр халқының мойыны ұзын ішекті-ыспалы музыкалық аспабы. Металдан жасалған ішектер саны 8-ден 12-ге дейін болып келеді. Бұл аспап мукамада маңызды роль атқарады, әдетте оны басты әнші ойнайды. Орындалған мукамаға байланысты ішектерін бес түрлі дыбыстық мәнерде реттеуге болады.

ұйғыр халқының әуезді дыбыс беретін ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Мукам мен машрепті орындағанда тамбур маңызды роль атқарады, сонымен қатар орындаушы аспапта өз-өзін сүйемелдей алады. Ұзындығы шамамен 140см, резонаторы жартылай сопақ тәрізді формада. Аспап тұт ағашынан, өрік және жаңғақ ағаштарынан жасалынады...

өзбек, тәжік халықтарының ішекті-ұрмалы аспабы, цимбалы аспабының бір түрі. Корпусы трапеция пішіндес тегіс жәшік (орындаушыға бағытталған жағының ұзындығы – 850-1000 мм, қарсы тұсы – 630-800 мм, ені – 300-400 мм), кейде аяқтары болады, кейде жоғарғы декасына резонаторлық саңылаулар жасалады. Ішектері металдан жасалып, бас және дара ішектен басқасы үш-үштен біріктірілген. Олар ұзынынан бойлық бойымен бекітілген: корпустың сол жағынан металл шегеге, оң жағынан – арнайы кілтпен бұралатын металл құлақтарға бекітіледі...

бұл ішкі жағына металл сақиналар тағылған, сыртына тері тартылған дөңгелек ағаш ернеуі бар дабыл. Ағаш ернеу иілген, диаметрі шамамен 400 мм. Жарғақ жануардың терісі немесе қарнынан, кейде балық терісінен дайындалады. Кішкене сақиналардың саны 40-100 боуы мүмкін, бұл аспапта ойнағанда дыбыстың әсерін күшейту үшін қолданылады...

екі, тар – ішек) – Орталық және Оңтүстік Азия халықтарының екі ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Корпусы жұқа ағаштардан жапсырылып жасалған, жоғарғы декасы – жіңішке, тегіс, кейде резонаторлық саңылаулары болады. Аспаптың жалпы ұзындығы – 1150-1200 мм. Мойны жоғары қарай тарылып, төмен қарай кеңейеді...

өзбек, тәжік, қарақалпақ, ұйғыр халықтарының ішекті-ыспалы музыкалық аспабы. Гиджактың құрылысы Әзірбайжан, Иран, Арменияда кең таралған парсы кеманчасына ұқсас. Гиджакта халық әндері мен әуендері, аспаптық пьесалар, макомдар (вокалды-аспаптық циклдік жанр,әуенді негізі сыңсу сарыны болып табылады) ойналады. Гиджак және оның түрлері басқа аспаптармен қатар Өзбек халық аспаптар оркестрі құрамына енеді...

Иран, Тәжікстан, Өзбекстанның мыстан жасалатын үрмелі музыкалық аспабы. Өзбек карнайы тік кейде үлкен қоңырау тәріздес 3 метрге дейін жететін, жезден жасалады. Карнайдың дыбыстық реті – табиғи. Одан күшті әрі дүркін дыбыс шығарып, әскери немесе салтанатты дабыл беру кезінде қолданған...

хомус өзіндік дыбысымен ерекшеленеді, болаттан жасалып, шамандардың классикалық аспабы болып саналады. Хомус – 5 мың жылдан бері белгілі көне музыкалық варган. Үлкен дөңгелек ілмегі бар, доға тәрізді металл аспап. Бірнеше түрі бар: сағызқарағайдан жасалған хомус, стілшесі сүйектен жасалған хомус, корпуста сақина тәріздес ұстағышы бар хомус, 2 тілшесі бар хомус...
