АртқаМузыкалық аспаптар мұражайы
Collection

Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Қазақ халқының бай музыкалық мұрасын дәстүрлі аспаптар арқылы ашыңыз

01

Ішекті аспаптар

01

Домбыра

Қазақ халқының музыкалық аспатарының ішінде шоқтығы биік, ерекшелігімен дара көрінетін аспабы – домбыра. Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра – ішекті аспаптардың ең көне түрі...

Домбыра 1
Домбыра 2
Домбыра 3
1/3
02

Қобыз

Қобыз – қазақ халқының көне ішекті-ыспалы музыкалық аспабы. Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады...

Қобыз 1
Қобыз 2
Қобыз 3
1/3
03

Жетіген

Жетіген – қазақтың көнеден келе жатқан көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Оның шығу тарихы мен даму жолдары туралы нақтылы деректер болмағанымен, шамамен б. з. д...

Жетіген
04

Шертер

Ертеректе қазақ арасында тараған аспаптың бірі шертер – үш ішекті, шертіп ойнайтын, қазақтың аспаптық музыка мәдениетіндегі көне аспаптардың бірі. Шертер көбінесе ән-жыр, дастандарды қостауға арналған, бақташылар арасында кең таралған аспап. Қариялардың айтуына қарағанда бұл құралдың ерекшелігі мынада: шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас болған, мойны, қысқа, қыл ішек тағылған, үлкендігі қобыздай. Қырғыздың комузы секілді шертер де пернесіз...

Шертер 1
Шертер 2
Шертер 3
1/3
05

Адырна

Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек...

Адырна 1
Адырна 2
Адырна 3
1/3
02

Ұрмалы аспаптар

01

Дабыл

Дабыл – қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиетінде дабыл ер жігіттің негізгі бес қаруының бірі ретінде айтылады...

Дабыл 1
Дабыл 2
1/2
02

Дауылпаз

Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Қазіргі таңда дауылпаздың екі түрі белгілі: Оның бірі – этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі...

Дауылпаз
03

Шыңдауыл

Шыңдауыл – ұрмалы музыкалық аспап. Шыңдауыл дауылпаздың бір түрі. Шыңдауыл көлемі жағынан әр түрлі болып келеді. Ертеректе шыңдауылды аңшылар пайдаланған...

Шыңдауыл
04

Даңғыра

Даңғыра – қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспабы. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды. Даңғыраның ұлттық ағайындас түрі көптеген халықтарда болған...

Даңғыра 1
Даңғыра 2
1/2
05

Кепшік

Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді...

Кепшік
06

Қос дүңкілдек

Қос дүңкілдек – қазақ халқының соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Қос дүңкілдек – сипаты мен жасалу әдіс-тәсілі жағынан күрделі аспаптың бірі. Екі шанақтан тұратын бұл аспап жай ғана дүңкілдек деп те аталады. Қазақтар қос дүңкілдек, өзбектер «кос» деп аталатын соқпалы аспап тарихы екі елге де ортақ...

Қос дүңкілдек
07

Шың

Шың – қазақтың көне музыка аспабы. Ол аты затына сай, ағаш қаққышпен соққанда шыңылдаған дыбыс шығаратын, беті сәл дөңес дөңгелек металл тәрізді ұрмалы-шулы аспап. Шыңды саятшылар түз тағыларын үркітуге қолданады. Шыңның үні қазақ сарбаздарының сигналды белгісі болған...

Шың 1
Шың 2
1/2
03

Үрмелі аспаптар

01

Сазсырнай

Сазсырнай – үрмелі музыка аспаптарының сыбызғыдан кейінгі халық ішінде кең тараған, арасында қолданыста бар музыкалық аспап. Оңтүстік Қазақстан, Темір станциясының тарих пәнінің мұғалімі Асантай Әлімовтің оқушылармен болған экспедициясының қазба жұмысында көптеген құмыралар, мыс құмандармен бірге көлемі құстың жұмыртқасындай іші қуыс, қос ойығы бар қыштан жасалған аспап та тауып алады. Табылған дүниені жергілікті жердің көнекөз қарияларына көрсеткенде мұның саздан жасалған музыкалық аспап – сазсырнай екендігі айқындалды. Кейін бұл аспап музыка зерттеуші-ғалым Болат Сарыбаевтың қолына тиеді...

Сазсырнай 1
Сазсырнай 2
Сазсырнай 3
1/3
02

Үскірік

Үскірік – қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық аспаптарының бірі. Ол сазсырнай, керней, желбуаз, сыбызғы сияқты қазақтың ұлттық үрмелі аспаптарының қатарына жатады. Дауысы қаһарлы қыс мезгіліндегі ызғарлы желдің дыбысына ұқсағандықтан, оны ел арасында «үскірік» деп атап кеткен. Кейбір аймақтарда аспап «уілдек» деген атпен таралған...

Үскірік 1
Үскірік 2
1/2
03

Желбуаз

Желбуаз – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспаптарының бірі. Желбуаз аспабының бұл аты – жаңа замандағы жаңарған атауы. Флейталық үрлеп ойналатын «қыпшақ» деп аталатын саз аспабы туралы әл-Фараби өз еңбегінде атап өткен екен. Ал П...

Желбуаз
04

Керней

Керней – қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Кернейді әскери жорықтарда атой шақырушы, хабар беруші ретінде, сондай-ақ, хандар мен әскербасыларын күтіп алу салтанаты кезінде қолданған. Керней аспабының ел арасында болғандығын белгілі аспаптанушы Б. Сарыбаев ең алғаш ғылыми негізде дәлелдеді...

Керней
05

Сыбызғы

Сыбызғы – қазақ халқының төл аспаптары қобыз, домбырамен қатар аталып сан ғасырлардан бері келе жатқан ұлттық үрмелі музыкалық аспабы. Сыбызғы аспабы ертеден қазақ халқының қайғысы мен қуанышын бөліскен жан серігі болғаны. Сыбызғы арқылы қазақ халқы өзінің арманын, мұң-мүддесін, сан-қилы өмір жолында болған оқиғаларын, наразылығын, биікке құлаш ұшқан қиялдарын, өмірге деген сүйіспеншілігін күй қылып тартып ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып асыл мұра ретінде қалдырып отырған. Сондай-ақ, сыбызғы бақташылардың ең сүйікті аспабы болған...

Сыбызғы
06

Бұғышақ

Үрмелі аспаптардың сүйек пен мүйізден жасалатын түрлері ертеден бері сақталған. Олар қамыс-қурай, ағаштан жасалатын үрлемелі аспаптарға қарағанда ұзақ сақталып бүгінге жетті. Соның бірі – бұғышақ. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылған...

Бұғышақ
07

Қамыс сырнай

Қамыссырнай – қамыстан жасалған, үрлеп ойналатын музыка аспабы. Қамыс қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығады. Аспаптың әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесігі бар...

Қамыс сырнай 1
Қамыс сырнай 2
1/2
08

Мүйіз сырнай

Мүйіз сырнай – үш тесікті мүйізден жaсaлaты ескі үрмелі музыкалық аспап. Сыңсымaлы дыбысымен ерекшеленеді және жол сaпарлaрда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.

Мүйіз сырнай
04

Шулы аспаптар

01

Асатаяқ

Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Бақсылар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. «Аса» деген сөз өзбектерде – «асоий», ұйғырларда – «һасса» делінеді, ол таяқ дегенді білдіреді...

Асатаяқ 1
Асатаяқ 2
1/2
02

Қоңырау

Қоңырау – жаңашылдықтың белгісі, өзгерістің ұғымы. Қоңырау – бұрын халық өнерпаздары көп қолданған музыкалық аспап. Ол халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін қолданылған. Оны қылқобызшылар, шаңқобызшылар сондай-ақ бақсылар да пайдаланып келген...

Қоңырау 1
Қоңырау 2
1/2
03

Тұяқтас

Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар тұрпаты өте қарапайым, үні ерекше музыкалық аспап. Аспап қазақы салт-дәстүр, жоралғыларда кеңінен қолданылған. Кезінде ұзатылар қыздың сыңсу әніне сүйемел де болған. Елін қимай кетіп бара жатқан қыздың жүрек назын айқын жеткізіп, тыңдаған жанның сай-сүйегін сырқыратқан...

Тұяқтас
04

Сақпан

Сақпан аспабы да көшпелі тұрмысты серік еткен, төрт түлікпен өмірін өткізген жайсаң қазақтың даласында пайда болған. Оны бақташылар мен малшы-шопандар мал қайыру мақсатында алғаш кәдеге жаратқан. Сақпан аспабын кейде зырылдауық деп атайды. Шындығында зырылдауық сақпанның ең алғашқы нұсқасы десе де болады...

Сақпан
05

Зырылдауық

Зырылдауық – қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың «сақпан», «шартылдауық», «зымырауық» деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар «Сазген», «Адырна» көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі «Отырар сазы» оркестрінде қолданылып жүр...

Зырылдауық
06

Шартылдауық

Шартылдауық – қазақтың көне музыкалық аспабы. Атауы «шарт–шарт» етіп дыбыс шығаратындықтан қалыптасқан. Шартылдауықты мал айналысқан қазақ халқы кеңінен пайдаланып, әнді сүйемелдеу үшін қолданған. Аспаптың жасалу технологиясы Шартылдауықты жасау үшін ұзындығы 30–40 см, жалпы 5–6 см болатын екі қайыс таспа тілінеді де, бір-біріне қабатталып, екі ұшы ажырап кетпес үшін металл қапсырмалармен бекітіледі...

Шартылдауық
07

Дудыға

Дудыға – қазақтың соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған. Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі: «Дудыға қағып, сырнайын тартып» немесе «Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын», – деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады. «…Аспап атауы батырлардың ду-ду еткен шайқасты көрінісі мен «ду-дуға қосылды» деген ұғымнан туындаған»  дейді ақпар беруші О...

Дудыға
08

Тоқылдақ

Тоқылдақ – үні ерекше, жаңғырып шығатын, ұрмалы музыкалық аспап. Бір көлемді ғана емес, пайдалану мақсатына қарай аспап әр түрлі көлемде пішінін сақтай отырып, берік, қатты ағаштардан жасалады. Тоқылдақ өзінің ерекше үнімен көптеген күйлердің, ән-жырлардың сүйемелшісі болды. Мысалы, Нұрғиса Тілендиев ағамыздың «Отырар сазы» оркестріндегі «Ата толғауы» атты күй осы тоқылдақ аспабының жаңғырығымен басталып, ары қарай орындалып кетеді...

Тоқылдақ 1
Тоқылдақ 2
1/2
09

Мүйіз қақпа

Мүйіз қақпа – ұрмалы музыкалық аспап. Сиыр мүйізінен жасалады. Ағаштан жасалған кішкене балғашығы болады.

Мүйіз қақпа
05

Тілшелі аспаптар

01

Шаңқобыз

Шаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады...

Шаңқобыз 1
Шаңқобыз 2
Шаңқобыз 3
1/3